Алматы облысында эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Алматы облысында эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді.

Мәселен, тамыз айында күніне 350 адам ауруханаға түссе, бүгінде олардың саны 220-ға дейін азайып отыр. Әсіресе, Қапшағай қаласы мен Іле, Ақсу, Райымбек ауданында індет жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Соның нәтижесінде аталған әкімшілік аумақтар жасыл аймаққа енді. Жалпы облыс бойынша короновируспен ауырғандарға арналып 6 мыңнан аса орын дайындалған. Бүгінде ол 42 процентке толды. Өңірдегі эпид ахуалдың тұрақталуына, екпенің оң әсері бар дейді мамандар. Айта кетейік, Жетісуда бір күнде, шамамен 4 мыңға жуық адамға вакцина салынып жатыр.

Арман Жансенгіров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Алматы облысы бойынша 62 процент вакцина алған. Облыс бойынша 244 екпе егу бөлімшелері ашылған. Оның 27-сі мобильді бригада, 17-сі жылжымалы. Осы вакцинацияның нәтижесінде эпидемиологиялық ситуация тұрақты болған.