Алматы қатерлі ісік, өкпе аурулары бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр

Экобелсенді Павел Александровтың пікірінше Алматы қатерлі ісік, өкпе аурулары бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр. Мұның басты себебі – ауа бассейнінің ластануы. Қалың қара түтін Алматы аспанын торлап тұрады.

Зиянды заттардың басым бөлігі автомобильдерден шығады. Себебі – көбі ескі. «Қоғамдық көліктер де толығымен газға ауыстырылмай отыр», –дейді қалалық Экология департаментінің мамандары.

«Алматыдағы жеке-тұрғын үй секторы түпкілікті табиғи отынға ауыспайынша қаланың ауасы тазармайды. Газбен жүретін қоғамдық көлік санын да, үш есе арттыру қажет», – дейді экологтар. Әйтпесе, күн сайын қаланың тынысы тарылып, ауа ластанып барады. Шаһарда көпқабатты үй құрылысы қарқын алғандықтан, желдену де нашарлап отыр.

Дінмұхаммед Лесбеков, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор:

– «Алматы қаласының кіреберістерінде 20-дан аса экопост жұмыс жасайды. Олардың жұмысы әлі тиімсіз. Өйткені кейбір жауапты мамандар ол жерде жұмысын тиісті деңгейде жасамай жатыр. Көліктерден көк түтін, қара түтін будақтаған көліктер әсіресе жүк көліктері ары-бері саулап жүр күнделікті. 700 мыңнан аса Алматы қаласында көлік. Біздің есебімізше 30 пайыздан астамы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді.

Мәселені шешудің бір амалы ретінде Алматығады 2-ші жылу электр орталығын көгілдір отынға ауыстыру жоспарланып отыр. Бірақ бұл жұмыс қашан аяқталатыны белгісіз. Қазір жобаның техникалық экономикалық

Дінмұхаммед Лесбеков, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік экологиялық инспектор:

– «Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше қаланың тұрғын үй қоры қазір 99 пайызға газдандырылған. Біздің есебімізше ол одан әлдеқайда төмен. 3600-ден аса үй газға қосылмаған деген мәлімет бар Алматы қаласының әкімдігінің данныйлары бойынша. Бірақ біздің ойымызша бұл 3600 емес одан көп.

4 жыл бұрын Алматы әлемдегі ең лас 100 қаланың қатырына енді. Ал «Қазгидромет» мекемесінің мәліметінше қаланың ластану индексі 7 балға жетті. Бұл атмосфералық ауаның өте нашар екенін көрсетеді. Алматының жоғарғы бөлігіне биік үйлер көп салынуда. Ондай ғимараттар онсыз да ойпатта тұрған шаһардың ауа алмасу процесіне кедергі жасайды. Тұрғындар тарапынан арыз-шағым жиі айтылғанымен жағдай жақсармай отырғаны қынжылтады.

Павел Александров, экобелсенді:

– Біз бұл мәселені қалалық мәслихаттың отырыстарында жалықпай айтумен келеміз. Бірақ, ешқандай өзгеріс байқалмайды. Әкімдік елдің ескертуін елемейтін, құрылыс талаптарына сай емес жобаларды іске асыратын жекелеген компанияларды қолдауға мүдделі екенін байқатады. Құрылыс арқылы экономиканы дамытамыз деген желеумен қаланың орталығында бос орын қалмады. Бұл жағдай экологияға нұқсан келтіріп жатқанын жергілікті билік қаперге алмайтыны өкінішті.

Алматыда жылына 122 мың тонна зиянды қалдық ауаға тарайды. Экологияны жақсарту үшін «Жол картасы» әзірленіп, көгалдандыруды ұлғайту жоспары бекітілді. Алдағы екі жылда қалада 3 млн көшет отырғызылмақ. «Дегенмен, көлік ағынын реттемей, экологиялық бекет жұмысын қатаңдатпай, құрылысты сауатты жүргізбейінше мәселе шешілмейді»,-дейді экологтор.

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев, Валентин Лобанов