Петропавлдағы шағын аудан тұрғындары өркениеттен жұрдай қалған

Петропавл іргесіндегі «Солнечный» шағын ауданының тұрғындары «қордаланған проблема көп» деп шағымданды. Ауылда инженерлік инфроқұрылым әбден ескірген. Жылу да жөнді берілмейді. Қыста жолдарды қар басып қалады. Ал жергілікті билік құлақ аспайтын көрінеді.

Бұл – құрылғанына 30 жыл болған «Солнечный» шағын ауданы. Мұндағылар өркениеттен ажырап қалдық деп ашынады. Тұрғындарды алаңдатып отырған басты мәселе – жол. Биыл қиыршық тас төселіпті. Бірақ халық керісінше бұрқыраған шаңнан көз ашпай қалдық деп налиды.

Дина Сағындықова, тұрғын:

– Көктемде, күзді күні жолдың барлығы саз. Өте алмаймыз. Автобус жүргілері келмейді. СКЛ 00-37 Қыстың күні проблема тазаланбайды көше. СКЛ 00-50 Менің ата-енем бірге тұрамыз. Давлениелері көтеріліп скорый шақыртамын ғой, сол кезде өте алмайды біздің көшеге. Оны прибрежное көшесіне тастап кетеді. Содан кейін жаяу келеді. СКЛ 02-39 Әрине асфальт керек.

Петропавл қаласының шетіндегі элиталық ауданда 500-ден астам үй бар. Насостың жоқтығынан қыста халық жылуға жарымайды. Таза ауыз судан та таршылық көріп отыр.

Аманжол Баймұратов, тұрғын:

– 2017 жылы соңғы рет приватизация болған кезде осы су құбырларын неге қолға алмаған? Мен соны әлі күнге дейін түсінбеймін. Горводаканалға барсаң, олар айтады бұл біздің баланста емес. Өздеріңіз өткізіңіздер. Су таза емес. Оның сапасы өте төмен.

Мектеп, балабақша, дәріхананы айтпағанда мұнда  банкомат та жоқ. Үлкен ауданда шағын  екі дүкен жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көлік те қордаланған мәселелердің қатарында. 

Бұл «Солнечный» шағын ауданындағы аялдама. Нөмірі 27 автобус осы жерге келеді. Тұрғындардың қыста да, жазда да қоғамдық көлікті осылай тосып жүргендеріне 5 жылдан астам уақыт болған.

Халықтың өтініші бойынша қалалық әкімдікке хабарластық. Әлі нақты жоспар жоқ

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Асфальттауға қатысты жобалық –сметалық құжаттар аяқталып жатыр. Ақша бөлінген жайдайда жұмыстар жасалатын болады. СКЛ 01-31 Өткен жылы қысқы уақытта жылудың төмен берілуі ол кейбір үйлердің қысқы дайындыққа уып-шаюға дұрыс жасалмағанына байланысты осындай қиындықтар туындады. Балалар алаңқайына байланысты өткен жылы олар өтініш жазған болатын. Ол жерде тексерістер өткізілді. Ендігі жылы балалар алаңқайымен екі тринажер кешені орнатылатын болады.

Таза ауа, тыныштық, керемет табиғат, зәулім үйлер. Бұл аудан сырт көзге осылай көрінеді. Бірақ түйткіл көп. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев