БҚО-да жалған екпе құжатын пайдаланғандар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жалған екпе құжатын пайдаланған 4 адам ұсталды.

Аталған факті полиция жүргізген жедел алдын алу шарасы кезінде анықталған. Алдын-ала мәлімет бойынша, күдіктілер – Бөрлі ауданының тұрғындары. Қазіргі таңда осы іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жалған екпе құжаттарын жасату арқылы адам өзіне де, өзгенің өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, өңір тұрғындарын қылмыстық әрекетке қадам жасамауға шақырамыз», – дейді тәртіп сақшылары.

Тергеу амалдары алдағы уақытта да арна тілшілерінің назарында болады.