БҚО-да 38 сынып карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылы басталғалы бері 130 оқушы қатерлі індетке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 64-і Орал қаласында, ал 66 жағдай аудандардағы білім ошақтарында анықталды.

Айта кету керек, өңір әлі де «қызыл аймақта». Тек соңғы тәулікте аймақта 98 адамнан коронавирус табылды. Эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Сол себепті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 26 мектепте 38 сынып, орта білім беру орындарында 3 топ және ЖОО-да 1 топ карантинге жабылды. Аймақта вакцина алуға тиіс тұрғындардың 49 проценті екпенің екінші компонентін алған.

Сондай-ақ...