Елде карантин жеңілдетіле ме?

Еліміздің бас санитар дәрігері карантиндік шараларды жеңілдету туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған сәйкес, барлық облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында кептеліс уақытында қоғамдық көлік жиілігі артатын болды. Адамдардың бір жерде көп шоғырлануына жол берілмейді. Спорттық командалардың 30 адамнан аспайтын құраммен жаттығу жасауына мүмкіндік беріледі. Бірақ барлық спортшы және бапкерде вакциналау паспорты болуы тиіс. Ал «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушы пойыздарының құрамына ортақ вагондарды қоспауға міндетті.