423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Вакцинаны төгіп, жалған құжат жасаған медицина қызметкері ұсталды

  • 177
  • UPD: 19:55, 10.09.2021
Вакцинаны төгіп, жалған құжат жасаған медицина қызметкері ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы медицина қызметкері еңбекақысына үстемақы қосу үшін жалған вакциналау паспортын жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

54 жастағы маман кейбір тұрғындарды екпе алған адам ретінде рәсімдеп, алайда препаратты төгіп тастап жүрген. Медициналық қызметкер бұлтартпас айғақтармен ұсталып, тергеу амалдары басталды. Жалған паспорт жасаушы 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нұрай Арыстанбек, облыстық ПД қылмыстық полиция басқармасының жедел уәкілі:

- Аталған медицина қызметкерінің әрекеттеріне ҚР ҚК 385 бабы бойынша тиісті процессуалдық баға беріледі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті осындай заңсыз қызмет көрсетуі мүмкін тұлғалар анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы