423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанайда құс тұмауына қатысты айып тағылған экс-шенеунік ақталып шықты

  • 108
  • UPD: 19:56, 10.09.2021
Қостанайда құс тұмауына қатысты айып тағылған экс-шенеунік ақталып шықты

Аумақтық инспекцияның бұрынғы басшысы Оразбек Батырбековты Арқалық құс фабрикасының иелері сотқа берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шенеунік 500 мыңнан астам тауықтың қырылу себебін дұрыс көрсетпеді деп айыпталған еді. Жалған есептің кесірінен кәсіпорын төлемақыны уақытлы ала алмаған.

Айта кетейік, прокурор Батырбековты үш жылға бас бостандығынан айыруды және дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған.

Ләззат Байғожина, облыстық соттың баспасөз қызметінің бас маманы:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталған ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облысы аумақтық инспекциясының бұрынғы басшысы сот үкімімен айыпсыз деп табылды. Сот айыпталушының қылмыстық әрекетінде қылмыстық құрам жоқ деп тапты.

Хабар 24 телеарнасы