425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Румынияда «Қазақстан» атты саябақ ашылды

  • 106
  • UPD: 19:54, 10.09.2021
Румынияда «Қазақстан» атты саябақ ашылды

Елордада румын ақыны Михай Еминескуге ескерткіш қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Бухарест» саябағында орнатылды. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Румынияның Қазақстандағы елшілігі мен әкімдік өкілдері қатысты. Айта кетейік, осыған дейін екі елдің әкімдіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. 

Берік Жакенов, Нұр-Сұлтан Есіл ауданының әкімі:

- Бүгінгі шара - мемлекет басшысының халықаралық бастамалары жаңа деңгейде жүзеге асырылып жатқанының көрінісі. Былтыр біз Нұр-Сұлтан мен Бухарест арасында аудандық деңгейде меморандумға қол қойдық. Соның аясында мәдени, спорттық және технологиялық қарым-қатынас саласында ынтымақтастық орнатуға келістік. Мәселен, өткен жылы Бухарест қаласында Ұлы Абайдың мүсіні ашылса, енді мына саябаққа «Бухарест» атауын беріп отырмыз.

Елімізде ескерткіш ашылған уақытта Румыния астанасы Бухарестте «Қазақстан» деп аталатын саябақ ашылды. Шара тікелей эфирде көрсетілді. Оған Румыния сенатының төрағасы мен елдің бұрынғы президенті қатысты.

Хабар 24 телеарнасы