Saba group салған Алматыдағы тұрғын үй кешенінің жобасы қоршаған ортаға зиян келтірмейді

Еліміздің ең ірі мегаполисінде құрылыс қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мердігер компаниялар көп қабатты тұрғын үй салумен шектеліп жатқан жоқ. Әлеуметтік нысандарға да көңіл бөлуде. 

Әсіресе, жаңадан бой көтерген мектептер мен балабақшалар көбейген. Қаланың экологиясы да назардан тыс қалмайды.

Алматыда құрылыс жүргізіп жатқан көптеген компанияның расында Saba group өзінің тұрғын үй кешенінің жобасын қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жасапты. Компанияның мамандары бірінші кезекте таудан соққан самал желдің кедергісіз соғуын ойластырған. Мәселен, «Комфорт сити» кешенін салу барысында осы маңызды талаптар ескерілген.

Сәуле Ахметқазиева, Бостандық аудандық қаланы жоспарлау және аумақты дамытуды үйлестіру қызметінің басшысы:

– Бұл құрылыс компаниясы алғашқылардың бірі болып, осы жылы қолға алынған қаланың сәулеттік келбеті мен қала құрылысы жобасын жүзеге асыруға атсалысты. Тұрғын үй кешенінің бас жоспарына сәйкес, оның сыртқы келбеті мұнара тәріздес болады. Сондықтан ауаның өтуіне кедергі болмайды.

Тұрғын үй кешені Гагарин көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында салынып жатыр. Бұл аумақтың ерекшелігіне қарай пайда болатын ауа конвекциясы түнде оттегімен қанығып, түтіннің кетуіне септігін тигізеді. «Комфорт Сити» жобасы дәл осы бағытты қолдайды.

Ержан Әбдіқадыров, Saba Group құрылыс компаниясының президенті:

- Мұнара неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоғарыдан салқын ауа келеді. Осылайша желдетілетін аймақ жасалады. Сөйтіп жайлы орта қалыптасады.

Осы жоба аясында 11 мұнаралы тұрғын үй салынады. Компания әлеуметтік жауапкершілікті де естен шығарған жоқ. Ондағы 600 орындық мектепті кеңейтеді. Сонымен қатар балабақша, полиция бөлімшесі мен медициналық пункт салады.

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жақыпов, Әбен Нарынбаев