Елордада веломәдениет қашан қалыптасады?

Елордада жыл басынан бері 8 велосипедші жол апатына ұшыраған. Кінә негізі жаяу жүргіншілерден. Бірақ оларға заң жүзінде ешқандай жаза жоқ. 

Елордалық Диас Қалдыбаев әлеуметтік желідегі «велопатруль» айдарының авторы. Ол өзінің бейнероликтеріне веломәдениетті арқау етеді.

Әуесқой спортшының айтуынша, жаяу жүргіншілер велосипедтің қауіпті екенін елемейді. Тіпті қою қызыл түске боялған, жиектері ақ жолақпен сызылған жолдардың велосипедке арналғанын біле тұра бей-жай қарайды.

Диас Қалдыбеков қала тұрғыны:

- Мен біздің мәселені дүйім жұртқа көрсету үшін түсіре бастадым. Әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты адамдардың ойы екіге бөлінді. Біреуі қолдаса, екіншісі видеоға түсіруге болмайды деп жатады. Біз велосипедтің жылдамдығын жиі арттырамыз. Ал осы кезде алдымыздан адам шықса тоқтау үшін барлығын жасаймыз. Тіпті жаяу жүргіншінің кесірінен құлап та жатамыз. Адамдар оны түсінбейді. Олар өз басын қатерге тігіп, веложолдың қақ ортасында тұрады.

Қазір  елордада веложолақпен жүретін жаяу жүргіншілер көп. Ал бұған тұрғындар қалай қарайды екен? Сұрап көрдік.

Блиц:

-  Дети выбегали на дорогу.

Елордада қос дөңгелекті көліктер түрлі апатқа себеп болып жатады. Дегенмен, көп жағдайда кінәнің бәрі жаяу жүргіншіде екен.

Елде оларға ешқандай жаза қолданылмайды.

Айдана Қалыбай, қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 8 оқыс оқиға тіркелді. Оқыс оқиғалардың бәрі веложүргізушілерге рұқсат етілген жолда болған. ҚР заңнамасына сәйкес, веложүргізушілердің жолағында жүрген жаяу жүргіншілерге ешқандай жаза қолданылмайды.

Айта кетейік, 15 жасқа толғандар велосипед жолы жоқ жермен де жүре алады. Бірақ көлік жүретін қатарға емес, автобус жолағына түсуге міндетті. Сондай-ақ жүргіншілер жолымен жүруге де рұқсат етілген. 

Наргиз Бекмағанбетова, Наурыз Базаров, Жарқын Мырзахан