Түркістан облысы қауын-қарбыз экспортын рекордтық көрсеткішке жеткізді

Түркістанның диқандары да өнімді еңбек етті.

Биыл Шардара ауданының шаруалары қауын-қарбызды рекордтық көрсеткіште экспорттады. Өнімнің негізгі бөлігі Ресей мен ТМД және Еуропа елдеріне жөнелтілді. Диқандар қарбыздың ұзақ жолға шыдамды түрін ғана сатып жатыр.

Биыл Шардаралық диқандар қауын-қарбызды көлемін жылдағыдан 500 гектарға көбейткен. Себебі ауданда жерасты суы жақын орналасқандықтан ағын суды да көп қажет етпейді дейді шаруалар. Мәселен Достық ауылында 370 шаруа қожалығы бар болса, солардың 70 пайызы табысты бақша дақылының осы түрін табады.

Аманжол Қалыбаев, шаруа қожалығының төрағасы:

– Жылдан-жылға қосымша дәрі-дәрмектер беру арқылы, өнімділік көбейіп жатыр. Өнім 260 центнерден алып жатырмыз. Негізі Ресей және ТМД, Еуропа мемлекеттеріне кетіп жатыр.

Достықтағы егістік алқаптарда қауынның оннан аса түрі егіледі. Дайын өнім арнайы қораптарға салынады. Ондағы қауындардың салмағы шамамен 17 келі шығады. Бағасы да өнімнің түріне қарай өзгеріп отырады. Мәселен алқап басында қауынның 1 келісі 100 бен 150 теңге аралығында сатылса, Ресей мен еуропада 1 еуродан саудаланады. Табысы мол болған соң, ауыл тұрғындарының да қызығушылығы артқан

Рахымжан Әнуарбек, Достық ауылының әкімі:

Бақша өнімдерінің бағасы былтырдан бері жақсы болып жатыр. Сұраныс көп.

Біздің еккен қауын-қарбыздарымыз алды Ресей Федерациясы, ТМД елдері, Балтық елдеріне және Европаның бірнеше елдеріне жөнелтілуде. Бақша дақылын өсіруге мемлекет тарапынан тыңайтқыштар мен дәрі-дәрмектер беріледі. Бұл шаруаның шығынын шамалы болса да азайтады дейді мамандар. Оның үстіне аудандағы мақталық алқаптардың көлемі кеміп, орнына қауын-қарбыз бен көкөніс түрлері егіле бастаған.

Абылай Мақанов, Шардара аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

– Экспортқа шығарылған дақылымыз 44 мың тоннадан астамы осы тоғыз айдың қортындысы бойынша. Ал былтыр жыл бойы 39 мың тонна экспортталған болатын дақылдар. Кімге қай кезде қай жерден ауылшаруашылығы дақылдарына сұраныс бар, бағасы туралы мәліметтер күнделікті чатқа хабарласып тұрады.

Жалпы сыртта Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарында өсірілген қауын-қарбыздар жоғары бағаланады. Сондықтан болар дәмі тіл үйіретін өнімнің бұл түріне сұраныс артқан. Қазірдің өзінде Ресей мен Еуропа елдеріне қауын тиеген жүк көліктері күндіз-түні ағылуда.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашекұлы