Әлемдегі ең күшті магнит термоядролық станцияға жеткізілді

Әлемдегі ең күшті магнит Франциядағы термоядролық электр станцияға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол АҚШ-та жасалған. Оның күштілігі сол, ұшақ тасығыш тіркемені тік көтере алады. Магнитті жасауға 10 жылдан аса уақыт кетіпті.

Айта кеткен жөн, Францияның оңтүстігінде 2010 жылы халықаралық тәжірибелік термоядролық реактордың құрылысы басталған. Сол кезде осы магнитті жасау қажеттілігі де туындады. Ал реактордың ерекшелігі - радиоактивті қалдық қалмайды. Халықаралық жобаға Еуроодақ елдерінен бөлек, Ресей, АҚШ, Қытай, Үндістан, Жапония мен Оңтүстік Корея да қатысып жатыр. Жоспар бойынша ол 2026 жылы іске қосылуға тиіс.