425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

  • 126
  • UPD: 09:56, 12.09.2021
Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

Сот жүйесінің кәсіби терминдерін қазақ тіліне аударуда әлі де болсын күрделі мәселелер бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе мемлекеттік тілде жүргізілген істі кейбір процеске қатысушы азаматтар мүлде түсінбей жатады. Осындай болмауы үшін Қарағанды облыстық соты тіл басқармасымен бірлесіп, сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқулық шығарды. 120 академиялық сағаттан тұратын кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Алдағы уақытта судьялар осы әдістеме бойынша білімін жетілдіреді. Кейін оқуды қаншалықты игергенін білу үшін емтихан тапсырады. Атап өткен жөн, кәсіби салаға бейімделген тұңғыш оқулық өзге де облыстың сот қызметкерлері мен тілдер басқармаларына жіберіледі.

Мунира Ағымбаева, тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

– Бұл кітаптың мақсаты – сот саласындағы қыметкерлердің қарапайым деңгейде оқып, тыңдап, жазып түсіну дағдыларын қалыптастыруға негізделді. Жалпы бұл кітапты жазуда сарапшы судьялар бізге көп көмек көрсетті десе болады. Жалпы, бұл кітапты бастамас бұрын 8 ай көлемінде сот саласындағы терминдерді, барлық іс жүргізу актілерінің үлгілерін қарап, сот отырысының хаттамалары, қылмыстық іс, азаматтық іс жүргізуді қарап, зерделеп барып кітап жазуға араластық.

Хабар 24 телеарнасы