ҰҚШҰ шекара маңында әскери оқу-жаттығу өткізді

Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымы, Қырғызстанда лаңкестік қауіпке қарсы әскери оқу-жаттығу өткізді.

Бұл іс-шара Балыкчы қаласына жақын жердегі Эдельвейс полигонында жүргізілген. Белгілісі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әуе күштері қатысқан. Бұл Ресейдің осы айда Ауғанстан шекарасы маңында, үшінші мәрте өткізіп отырған оқу-жаттығуы. Келесі айда ұйым Қырғызстанда тағы бір оқу-жаттығу өткізбек. 

Анатолий Сидоров, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымы біріккен штабының басшысы:

– Мен жақында Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында болып, онда жағдайды көріп қайттым. Біздің мақсатымыз барлығына дайын болу. Осыған байланысты қазіргі оқу-жаттығу түрі де лаңкестік қауіпке қарсы ұйымдастырылып отыр. Себебі Ауғанстанда жағдай тұрақсыз екені аян.