Саябақтардың атына заты сай ма?

Ақбота – Ақтаудағы әзірге жалғыз саябақ. Жалпы аумағы 11 мың гектар. Мұнда әсіресе күн жылыда адам көп келеді. Кезінде жасыл желек көмкерген демалыс орнының қазіргі көрінісі көңіл құлазытады. Атракциондардың басым көпшілігі жұмыс істемейді. Әр жерде тұрмыстық қалдықтар шашылып жатыр. Беті ашық электр сымдары өмірге қауіпті. Мұның барлығы бұзақылардың іс-әрекеті.

Көгалдандыру көңілден шықпайды. Алғашқы жылдары дұрыс болатын. Қазір міне осында келетін жастар орындықтарды сындырған. Қалада басқа баратын жер болмағандықтан амал жоқ осында келеміз.

Саябақтың қазіргі қалпы мүшкіл. Әкімдік көңіл бөлмейді, гүлінде суғармайды. Барлық жер ластанған. Арасында естеріне түскенде ғана тазалайды.

Саябақ 2013 жылы сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Содан бастап жыл сайын қомақты қаржыға жас көшет егіліп, жарық шамдары орнатылды. Көлемі 5 мың шаршы метр жерге кеспе тастар төселіп, саябақ іргесінен автотұрақ ашылды. «Абаттандыру және веложолдар орнату жұмыстары бір жүйеге түскенімен, тұрақты бақылаудың жоқтығы мәселе болып тұр» – дейді жауапты мамандар.

Алпысбай Таубаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Адамдар велосипедпен жүреді. Қағып кетпеуі үшін 11 белгі қойдырдық, полициямен. Сосын камерасын да айттық. Бұл бағытта жұмыстарды жүргіземіз. Әрі қарай кәсіпкерлік бағытта дамытуға берсе міндетті түрде полиция пунктін қоятын шығар деп мен ойлаймын.

Бір түсінгеніміз, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын күтіміне жауапты саябақта күзетші жоқ. Айналасында бейнекамералар тұрса да, толық бақылауға алу мүмкін емес. Сондықтан қала халқы мұнда полиция бекеті болғанын қалайды.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Сұңғат Төлебаев