БҚО-да карантин талаптары жеңілдетілді

Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырған.

Салыстырмалы түрде ауру өсімі біраз төмендеп келеді. Жайық өңірі қатерлі инфекцияның таралу қаупі жағынан қазір «сары аймақтар» қатарында. Бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Сауда үйлері қалыпты жұмыс кестесіне оралды. Ал қоғамдық тамақтану орындарының қызметі «Ашық» жүйесінің нәтижесіне қарай 2 сағатқа ұзартылды. Сандық қосымшаны енгізбеген кәсіпкерлік нысандарына демалыс күнгі шектеулер сақталады. Жиналыстар мен семинарларды бұдан былай офлайн форматта өткізуге рұқсат. Тек санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажет.

Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Қоғамдық тамақтану орындары және боулинг, билярд, компьютерлік клубтар егерде бұрын кешкі 22.00-ге дейін жасаған болса, қазіргі таңда 00.00-ге дейін ұзартылып, сонымен қатар көшбасшыларға 02:00-ге дейін рұқсат берілген болатын жұмыс жасауға. Бұрында барлық жиналыстардың барлығы онлайн форматта өткізілетін болса, енді №42 Қаулы бойынша, алгоритмге сай офлайн форматта да өткізуге болады.