Атырау шаруаларын су тапшылығы алаңдатып отыр

Жайылым жайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында да айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы шабындықты тек мал баққандарға беріп, жерді гектарлап қоршап алып, кәдеге асырмайтындармен күресуды тапсырған еді. Бұл мәселе Атырау жұрты үшін де өзекті. Бір кездері Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің бойында мыңғыртып мал ұстаған кеңшарлар қазір судың жоқтығынан қаңырап қалды. Сондықтан даланы төрт түлікке толтыру үшін Атырау облысының суландыру жүйесін шешіп алу керек дейді шаруалар.

Мұратай Сарманов, «Қазақстан фермерлері» қауымдастығының АОБ төрағасы:

– Бұл өңірлерде 65-ке тарта ауылдық округ болса, сол округтердің барлығы өзен бойларында орналасқан. Ауыл шаруашылығының бірінші қорегі жердегі шөп болса, екіншісі су мәселесі. Су мал үшін де, егін үшін де ауадай қажет. Бұл да осы өңірде ауылшаруашылығының ілгері дамуына бір кері әсер етіп отырған жағдай.