Esquire журналының табиғат аясындағы дәстүрлі мерекесі қашан өтеді

Таза ауада демалудың ерекше үлгісін қалыптастырған кезекті шара 18 қыркүйекте Алматыдағы гольф клубтардың бірінде өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Esquire Picnic-тің алдында кино, мәдениет, медиа саласындағы танамал тұлғалардың басын қосып, шараның бағдарламасымен бөлісу – журнал ұжымының қалыптасқан ережесі. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, жаңалықтарымен бөлісіп, қонақтары мен оқырмандарына сый-сияпат жасады.

Диана Снегина, Esquire, Cosmopolitan, Harper's bazaar, Elle басылымдарының PR директоры:

– Бүгін жұлдыздарымызды, блогерлерді жинап, Esquire пикниктің бастамасын жасадық. Бұл әрі іскерлік басқосу. Әр қонақтың пікірі біз үшін маңызды. Биылғы пикниктің бағдарламасы да ерекше. Отбасымен келіп, қызықты шараға куә болыңыздар. Біз барлықтарыңызды күтеміз.

Табиғат аясындағы шарада қонақтар дәстүр бойынша дастарханнан дәм татып, қызықты ойындар, дәрістер, шеберлік сабақтары, отбасылық конкурстарға қатыса алады. Сондай-ақ журналдың «Правила жизни» айдарының кейіпкерлерімен кездесіп, қызықты тақырыптарда пікір алмасуға мүмкіндік бар. Ал балалар үшін арнайы алаңқай қарастырылған.

Альмира Тұрсын, актриса:

– Журналды бұрыннан оқимын. Маған ұнайды. Өте сондай сапалы. Өте қызық рубрика бар. Маған өте ұнайды. Әртүрлі адамдарды сұрайды, қалай олар өмір сүреді, қандай ойлары болады. Ал пикник туралы айтсақ, мен 3 жыл бұрын бардым, маған өте ұнады.

Жоғары сапалы заманауи музыка – Esquire Picnic-тің басты ерекшелігі. Шара қонақтары биыл еліміз бен шетелде аса танымалдыққа ие болған «Ирина Қайратқызы» музыкалық тобының концертін тамашалай алады.

Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон