423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматы халықаралық әуежайында екпе кабинеті ашылды

  • 113
  • UPD: 23:07, 13.09.2021
Алматы халықаралық әуежайында екпе кабинеті ашылды

Бірінші қабатта жасақталған вакциналау пунктінде қалалық №32 емхананың қызметкерлері қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда отандық QazVac және қытайлық VeroSell инактивті вакцинасы егіледі. Екпе кабинеті негізінен жолаушыларға қызмет көрсетеді. Дәрігерлер таңғы сағат оннан кешкі беске дейін жұмыс істейді. Жолаушылар вакцинаның бірінші компонентін әуежайда алса, екіншісін еліміздің кез келген өңірінде салдыра алады.

Сағадат Нұриманов, Алматы халықаралық әуежайы дәрігерлік бөлімінің басшысы:

– Екінші дозасын Қазақстанның басқа қалаларынан алуға болады. Өйткені куәлігін көрсетеді, сайттан қай жерден, қалай вакцина алғаны шығады. 40 доза QazVac, 20 доза VeroSell алып келді, бүгінге жетеді, күнде әкеліп тұрады.

Хабар 24 телеарнасы