Атырау облысында ауылға жұмысшы күші жетіспейді

Ауылға жұмысшы күші жетіспейді. Соның бірі Атырау облысы.

Қазір мұнайлы өңірде 300-ден астам егін егумен айналысатын шаруашылық бар. Егістік көлемі де жыл сайын артып келеді. Алайда білек сыбана кірісіп, нәпақа табуға ниетті тұрғындар аз. Сол себепті мұнайлы өңір көрші елден жұмыс күшін тартуға мәжбүр. Тек биылдың өзінде Өзбекстаннның 600 азаматы келіп, жұмыс істеген. Ал олардың жолақысының өзі 200-220 мың теңге шамасында. Сөйте тұрып, қазір облыста 13 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр.

Қайрат Нұрлыбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Жергілікті жердің жұмыссыз азаматтары, өкінішке орай, жергілікті шаруашылықтарға баруға қызығушылық танытпай отыр. Себебі жұмысы көп, жалақы аз деп айтады. Еңбек ақысы бұрын төмендеу болатын болса, қазіргі жылдары 100 мыңнан кем емес. 100 мыңнан жоғары еңбекақы төлеп жүр. Ауылдық жергілікті азаматтар кейде келмей қалады, 2-3 күн жасап кетіп қалады, вахталық жұмыстарға қызығады. Осындай себептердің салдарынан шетелдік жұмыс күшіне біздің азаматтар зәру.