425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үлескерлер қашан үй алады?    

  • 90
  • UPD: 18:04, 14.09.2021
Үлескерлер қашан үй алады?    

Қарағандыда 100-ге жуық үлескері бар көпқабатты үйдің құрылысы тағы бір жылға кешігетін болды.

Баспана былтыр тапсырылуы тиіс еді. Күте-күте шаршаған салымшылар құрылыс басына жиналып, компания басшыларынан жауап талап етті. Үлескерлер құрылысқа пәтер құнының 30 пайызын салған. Оған қоса ай сайын төлем жасап келген. Алайда үшінші жыл өтті, үй қабырғасының жартысы да қаланбаған. Баспана бағасы жыл санап өсіп барады. Сондықтан тұрғындарға алғашқы жарнаға салған ақшаны қайтарып алу тиімсіз.

Қанат Ахметов, қала тұрғыны:

– Құрылыста бір 50-60 адамммен 1-2 этажын істеп қойған. Болды сол ғана, реклама. Кісілердің барлығы ақшасын алып кетіп жатыр. Просто осы уақытта мысалы, 2019 жылдан бастап баға 2 -3 есеге өсіп кетті. Ол ақша уже копейка болып қалды ғой. Не үй жоқ, не күй жоқ, пәтер жалдап тұрып жатырмыз.

Компания өкілдері жұмыстың кешігуіне пандемия себеп - дейді. Құрылыс материалдарының бағасы да шарықтап кеткен. Мысалы, арматура екі есе, кірпіш бірден 60 процентке өскен. Бірақ олар пәтердің келісім-шартта көрсетілген алғашқы бағасы сақталатынын айтады. Көпқабатты бұл үйдің құрылысына 4 миллиард 800 миллион теңге қаржы қарастырылған, соның 700 миллион теңгесі үлескерлердің ақшасы. Қалғаны банкпен қаржыландырылады. Қазір компания ерте басталған екі үйдің құрылысын аяқтауға жақын. Үлескерлердің үйі тек содан кейін ғана қолға алынады. Жауаптылар 2022 жылдың 3-ші тоқсанында баспананы тапсыруға уәде беріп отыр.

Айдос Мұқатаев, құрылыс компаниясының төрағасы:

– Банктің беріп жатқан қаржысы бізге қазір екі үйді тапсыруға жетеді. Сондықтан кредиттік линияны жапқаннан кейін осы үйге қаржы қарастырып, осы үйге береді. Бірақ осы үйдің құрылысын тоқтатқан жоқпыз. Баға қымбаттады, газаблок қымбаттады, арматура қымбаттады, сол барлығын өзіміздің ішкі қаржы арқылы шешеміз.

Хабар 24 телеарнасы