423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

5G қатерлі ісік пен аутизм тудырады – фейк

  • 104
  • UPD: 17:16, 14.09.2021
5G қатерлі ісік пен аутизм тудырады – фейк android.mobile-review.com

Қазақстандықтар 5G технологиясына қатысты негізсіз теориялармен бөлісуде. Бұл жолы пайдаланушылар қатерлі ісік пен аутизм тудыратындықтан жаңашылдықпен күресуге шақырады. Бұл – өтірік.

5G технологиясы –  бұл 24 ГГц және одан жоғары диапазонда жұмыс істейтін ұялы байланыстың жаңа форматы. Бұл жаңа толқындардың немесе сәулеленудің бір түрі емес. Wi-Fi технологиялары, полиция радарлары, жерге жақын кейбір жерсеріктер және т.б. осы толқындарда жұмыс істейді.

Технология жаңа типтегі толқындардың немесе олардың бұрын-соңды қолданылмай келген жиілігінің емес, Massive MIMO және Beam Forming технологияларының арқасында жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ете алады.

Әртүрлі елдердегі тәуелсіз ғалымдар технологияның қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізген. Мамандар 5G қатерлі ісік және аутизм сияқты ауруларды тудыруы мүмкін деген қорытынды жасаған жоқ.

Австралия онкологиялық кеңесінің сайтында 5G технологиясын енгізудің азаматтар арасында онкологиялық аурулардың дамуына әсе ету ықтималдығы өте төмен екендігі айтылған. Зерттеулер технологияның қатерлі ісік қаупінің артуымен байланысы жоқ екендігін көрсетті.

5G желілері аутизмді тудыруы мүмкін деген теория 2019 жылдан бері теріске шығарылып келеді. Бүгінгі таңда аутизмнің дамуының нақты себептері толық зерттелмеген, бірақ рецензияланған беделді ғылыми зерттеулердің ешқайсысы 5G технологиясы мен аурудың арасында байланыс барын анықтай алмады.

Бұл форматтағы желілер пайда болғанға дейін аутизмнің дамуы Wi-Fi технологиясымен байланыстырылған, бірақ ауқымды зерттеулер бұл теорияны жоққа шығарды.

Қорыта айтқанда, 5G қатерлі ісік пен аутизмді тудырады деген ақпарат – фейк. Мұны растайтын сенімді ғылыми деректер жоқ. 5G технологиясы радарлар, Wi-Fi роутерлер, жерге жақын жерсеріктер және т.б. сияқты біз қолданатын құрылғылармен бірдей радио толқындар диапазонында жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы