Еgov порталы өзге елге берілмейді 

Егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді.

«Қазақстандықтардың барлық деректері Ресей Федерациясына қолжетімді болады» деген түсінік қисынсыз. Цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин фэйсбук әлеуметтік парақшасында осы тақырыпта пост жариялады. Оның айтуынша бүгінде елдің мемлекеттік секторында 400 ден астам ақпараттық жүйе бар. Сбер солардың бір платформаға жинақтайды. Яғни цифрландырудың құрақталған моделінен тұтас платформалық үлгіге көшеміз. Мәліметтер Қазақстандағы серверлерге орналастырады. Бөлінетін 500 миллионның бір бөлігі елдің ай-ти  нарығына инвестицияланады. Тағы бір бөлігі инфрақұрылым салуға жұмсалады. Қалғаны СБЕР-дің өнімін сатып алуға жаратылады. Сондай- Бағдат Мусин СБЕР мамандары платфорамның жұмыс істеуін отандық ай-тишниктерге көрсетіп беретінін, жобаны іске асыруға Қазақстандық аи-ти компаниялар қатысатынын жазған.