Жалған құжат алғандар жазаға тартылмауы мүмкін

Вакциналау құжатын сатып алғандарға кешірім жасалуы керек. «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы осындай ұсыныспен шықты.

Бұл мәселе ведмоствааралық комиссия отырысында қаралып, алдағы аптада нақты шешім шығады. Коронавирусқа қарсы егілуден бөлек, ертең елімізде тұмауға қарсы вакциналау басталады. Сондықтан қоғамдық ұйым өкілдері халыққа екпе алудың маңыздылығын түсіндіріп, қалыптасқан ахуал жайында шынайы ақпарат жеткізуді көздейді. Бүгінде елімізде 7 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Толық екпе алғандар саны 6 миллонға жуықтады. Вакцина салдырғандардың тек 15 мыңы ковид жұқтырған. Бірақ ауру жеңіл өтіп, тез айығып кеткен. Қазір індеттің таралуы біршама бәсеңдеді. Екпе салдыру қарқыны да төмендей бастаған.

Ержан Байтанаев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі

– Қазіргі уақытта кейбір азаматтарымыз тұмау не болмаса суық тиіп, вакциналау уақытын кейінге қалдырып жатқан жайлары бар. Көп емес, аздаған жайлар. Бірақ соған қарамастан біз қазір мынау «Ел үшін егілеміз» тобымен бірге азаматтарымызға нақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Вакцинадан дефицит жоқ. Барлық вакцина түрлері бар.

Сондай-ақ...