Атырауда инфекциялық стационарлар жабылып жатыр

Қауіпті індетке шалдығып, жағдайы ауырлаған науқастар үшін ашылған стационар 230 орынға шақталыпты.

Шілде айынан бері онда 316 адам емделіп шыққан. Облыста осындай қосымша ашылған тағы 4 стационар бар. Онда науқастар әлі де ем алып жатыр. Жалпы мұнайлы өңірде эпидахуал оңалып келеді. Соңғы аптада вирус жұқтырған науқастар саны азайды. Бүгін қауіпті індеттің ілмегіне 77 адам іліккен. Ал өткен екі тәулік ішінде 17 тұрғын коронавирус инфекциясынан көз жұмған. Қазір 59 науқас жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ербол иманғалиев, облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Облыс көлемінде инфекциялық аурулардың азаюына байланысты біз бүгін инфекциялық бөлімшемізді жауып отырмыз. Соңғы қалған науқастарды үйіне шығарып, қосымша реабилитацияны қажет ететін науқастарды ковидтен кейінгі арнайы оңалту орнына ауыстырылып жатыр. Олардың барлығы да жаңа, таза бөлімге ауыстырылады.