Австралия астанасында локдаун ұзартылды

Австралияның астанасы Канберрада локдаун ұзартылады.

Себебі коронавирус жұқтырған 22 науқас тіркелді. Осыған бола жергілікті билік 1 ай бұрын жарияланған карантин мерзімін 15-ші қазанға дейін созу туралы шешім қабылдаған. Бұл шаһарда локдаун 1 ай бұрын жарияланған еді. Канберра қаласын 16 маусымнан бастап «Дельта» штаммы таралған Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты қоршап жатыр.

Жалпы Австралияда жасы 16-дан асқан тұрғындардың 68,5 проценті ковидке қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырған. Билік биылғы жылдың аяғына дейін екпе алғандар қатарын 80 процентке жеткізуді көздеп отыр.

Эндрю Барр, Австралия астаналық аумағының Бас министрі:

– Келесі апта ауыр болғаны болғалы тұр. Әрине Канберрадағы жағдайдың қаупсіздік екеніне сенімдіміз, себебі мұнда вакцина алғандардың үлесі жоғары. Дегенмен біз жаңа жыл мерекесін де, жалпы 2022 жылды аман-есен, толық қауіпсіз жағдайда қарсы алуымыз  керек.