Шығыс Қазақстанда 103 сынып қашықтан оқып жатыр

Шығыс Қазақстанда мектеп жасындағы 217 баладан короновирус анықталды.

118 оқушы вирусты жазғы каникул кезінде, ал 100-ге жуығы оқу басталғанда жұқтырған. 14 мұғалім қатерлі індетке шалдыққан. Білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиялогиялық талап сақталғанымен, аурудың таралуы тоқтамай тұр.

Әзірге өлкеде мектептерді толықтай карантинге жабу туралы шешім шыққан жоқ. Бала ауырса, сол сыныптың оқушылары екі аптаға оқшауланады. Ал бір ауысымдағы оқушылар арасында Covid 19 жұқтырған балалардың саны 30 проценттен асса, онда түгелімен 14 күн қашықтан оқиды.

Бағлан Тауанова,  ШҚО санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– 99 бала офлайн режимде, яғни мектепке барған кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінгі таңда 59 мектепте 103 сынып қашықтықтан оқыту форматына ауысты,әзірге облыста карантинге жабылған мектептер жоқ.

Сондай-ақ...