Сарапшылар қауіпсіздік сертификатын қайта қарауды ұсынды

Сарапшылар қауіпсіздік сертификатын енгізу мен пайдалануды қайта қарауды ұсынды.

Мұны цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшылар тобының мүшесі Елжан Қабышев алға тартты. Оның пікірінше, азаматтық қоғам, құқық қорғау ұйымдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері сертификатты енгізудің мақсаты мен заңдылығын талқылауға қатысуы тиіс. Сонымен қатар ресми есепке қойылмаған интернет порталдарды Бұзаралық ақпарат құралдарына теңестірмеу қажет. Талқылау барысында сараптамалық топтың қатысушылары дербес деректерді қорғауды, жинауды және таратуды сөз етті.

Арсен Әубәкіров, цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшылар тобының үйлестірушісі:

– Жеке цифрлық құқықтар өз жұмысын 19-шы жылдан бастады. Бірақ қазірдің өзінде үлкен сараптамаға қол жеткіздік, ел ішіндегі өзара іс-қимылдың белгілі бір кезеңдерінен өттік. Сондай-ақ  халықаралық стандарттар, серіктестер, шет мемлекетттерден тартылған сарапшылардың арқасында халықаралық деңгейде талқыланып жатқан көптеген мәселелерге қосыла аламыз деп үміттенемін.