425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда 200-ден астам үй жылыту маусымына дайын болмай шықты

  • 93
  • UPD: 20:52, 14.09.2021
Петропавлда 200-ден астам үй жылыту маусымына дайын болмай шықты

Петропавлда 215 көпқабатты тұрғын үй жылыту мауысыма дайын емес. Себебі баспаналарда құбырларды жуып-шаю жұмыстары әлі күнге дейін жүрмеген.

Салдарынан аталған үйлерге жылу аз мөлшерде, не болмаса уақытынан кеш берілуі мүмкін. Олқылыққа байланысты пәтер иелері коперативтеріне ескерту жасалып, жағдайды екі аптаның ішінде қалыпқа келтіру тапсырылды. Былтыр жұмысын ретке келтірмеген 10-ға тарта үйдің құбырлары қыста қатты қысымға шыдас бермей апат болған. Өңірде қыркүйектің 20-нан бастап әлеуметтік нысандар жылуға қосыла бастайды.

Евгения Островская, облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

– Нөмірі екінші Петропавл жылу станциясында бес қазандықпен осынша трубина жаңартылды. Тағы 4 қазандықты жөндеу жоспарда бар. Қазір облыс бойынша нысандар 95 проццентке дайын. Көмір де жеткілікті. Қазір қоймаларда оның 130 мың тоннасы бар. Бұл шамамен 19 тәулікке жетеді.

Хабар 24 телеарнасы