425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шығыстағы шаруалар шөпсіз қалды

  • 83
  • UPD: 20:53, 14.09.2021
Шығыстағы шаруалар шөпсіз қалды

Биыл Шығыста бір тіркеме шөптің ең арзаны 60-70 мың теңге. Кей ауданда оның өзі жоқ. Шаруалар шабындық іздеп, көрші ауылды жағалап жүр.

Мәселен Күршім ауданы тұрғындарының 70 процентін қысқы мал азығымен қамтитын Сарөлең ауылында шөп қурап қалды. Себебі су тапшы. Егістік пен шабындыққа тіршілік нәрін беретін бөгет көктемде жарылып кеткен еді. 

Бұрын бұл алқапта жоңышқа жайқалап тұратын. Шарулардың айтуынша су көп жылдары жазда 3 рет орылатын. Биыл ақ жусан мен қалақай сияқты ашты шөп басып тұр.Бірақ оған қарамастан шаңын шығарып шауып жатыр.

Қали Рамазанов, механизатор:

– Шөп жақсы болатын еді. Мәселе суда су жоқ. Мынаны көрмейсіз бе?Су жоқ жерде жусан өсіп кеткен. Басып кетті. Мына жерде негізінде жоңышқа болатын. Енді шөп керек. Шауып жатырмыз.

Бұл алқаптан бұрын 5-6 ауыл шөп оратын. Артық қалғанын көрші елдімекендер шабатын. Биыл көктемде Күршім өзенінің бойындағы Мойнақ бөгеті бұзылып суармалы жердің аңқасы кеуіп қалды. Оған қоса ала жаздай бір тамшы жаңбыр да ажуған жоқ. Енді оның кесірін халық тартып отыр.

Марат Таткенов, Сарыөлең ауылының тұрғыны:

– Екпе шөптің бағасы жоңышқанікі бір руллон 7 мың теңге болып тұр. 8 26.42-бір тіркеме 70 мың. Былай жай шөп тиеп алған шөп. Руллонға ормай ол 60 мың болып тұр. Былтыр басынан 20-30 мыңнан болған. Апарып бергені 35-40 мың болған. Биыл сұмдық өсіп кетті.

Иә сұмдық. Бірақ шындық.Сарыөлеңде 3,5 мың, Барақ батыр ауылында 2,5 мың гектар суармалы жер бар. Алайда осынашма алқап ала жаздай сусыз болды. Облыстық ауылшаруашлығы басқармасы мамандары құрғақшылық негізінен Абай мен Аягөз ауданында болғанын айтады. Ал шөп бағасының қымбаттауының басқа себептері бар екен.

Ертай Қуанбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Біріншіден, айта кететін болсақ қазіргі уақытта дизель отынының қымбаттауы. 15 теңге дейін аралығында . Техника құрал жабдықтары бар.Оның көптеген әсері бар. Бірнеше есе қымбаттап отыр. Және шығындардың барлығы ең соңында хаплыққа жеткізілетін өнімнің құнына әсер етеді.

Құны қанша қымбат болса да құрғақшылық болған ауданның халқы сатып алуға дайын. Шабындығына мүлде шөп шықпай қалған Абай мен Аягөз ауданына қысқы мал азығы үшін мемлекеттен 130 миллион теңге бөлінді. Ал қуаңшылыққа ұрынған кейбір ауылдар малын арзан болса да сатып жатыр.

Авторлары: ШҚ-нан Олжас Керейхан, Жігер Бабахнаов

Хабар 24 телеарнасы