425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтөбеде жалған анықтама жасағандар жауапқа тартылды

  • 107
  • UPD: 21:45, 14.09.2021
Ақтөбеде жалған анықтама жасағандар жауапқа тартылды

 

Жалған ПТР-тест анықтамасын саудалаған ерлі-зайыпты жауапқа тартылды.

Ақтөбе қалалық соты дәрігер мен оның ерін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Тергеу кезінде облыс орталығындағы жеке медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін әйелдің «қатерлі дерттен құлан таза» деген анықтама әзірлегені белгілі болды. Делдалдық қызмет көрсеткен күйеуі құжаттарды шекарадан өтпекші болған 11 адамға 7 жарым мың теңгеге саудалаған. Сот тергеуінде олар кінәсін толық мойындады.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

– ҚР ҚК «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша жасалған іс-әрекеттер» бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен Кундолов пен Маханова қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 200 АЕК мөлшерінде, 555 600 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы