Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы қалай жүріп жатыр?

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде Президенттің тапсырмасы бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылған. Жұмыс нәтижелі. Әсіресе мұрағаттардағы құпия құжаттар ашылып жатыр.

Осы кезге дейін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ғалымдарға өз архивіндегі 78 құжатты ақтарып, зерттеуге рұқсат берген. Мемлекеттік комиссия іске кіріскелі 11 жұмыс тобы жасақталды. Сонымен қатар, 17 аймақта өңірлік комиссия құрылды. Комиссия мүшелері бірнеше мәрте бас қосты. Келелі жиынның бірі бүгін де өтті. «Енді алдағы 1-2 жылдың бедерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтаймыз», – дейді мемлекеттік комиссия мүшесі.

Сабыр Қасымов саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:

– Шенеуніктердің, мемлекетік қызметкерлердің, жалпы мына бізді түсінбейтіндердің психологиясы өзгеріп келе жатыр. Қазір комиссияның мақсатын түсініп, бұл үлкен мәселе екені, Қазақстанның Президенті айтқандай қазір біздің міндетіміз бұл. Өзімізге келген халықтың бәрін зерттеп, зерделеп көбісін ақтадық. Қалғандарын тағы қарап жатырмыз. Оларды да ренжітпеу керек. Ал өзіміздің қудаланған миллион қазақтарды осы күнге дейін бір акт жоқ. Соны зерттеп жатырмыз. Арнайы топ бар.