Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81,3% жиналды – ҚР АШМ

Биыл егін жинау науқаны уақтылы басталды және бүгінде республика бойынша барлығы 7,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 49,4% жиналды, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР АЩМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 12.9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 81.3% жиналды.

Ағымдағы орташа өнімділік гекатарына 9 ц құрап, 11.7 млн тонна астық бастырылды.

Егін жинау науқаны штаттық режимде өтуде және барлық қажетті жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникасымен толық көлемде қамтамасыз етілген.