Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды

2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды.

ҚР АШМ мәліметінше, ағымдағы орташа өнімділік гекатарына 9,1 ц құрап, 12 млн тонна астық бастырылды.

«Негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гекатарына 8,3 ц құрап, 8,2 млн тонна астық бастырылды», – делінген мәліметте.

Министрлік сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті екенін алға тартты.