Атырауда газ беру уақытша тоқтатылады

Атырауда газ беру уақытша тоқтатылады

Атырауда газ құбырында апаттық жағдай болып, тұрғындар көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға бүгін таңғы 08:00 шамасында Атырау – Орал тас жолының бесінші шақырымында тіркелген. Жерасты газ құбыры бойынан газ кетіп, мамандар Жайықтың оң жағалауында орналасқан тұрғындарға көгілдір отын беруді тоқтатып отыр. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрманбек Өмірзақов, «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының бөлім басшысы:

- Жөндеу жұмыстарына орай Атырау ықшам ауданынан бастап Еркінқала елді мекеніне дейін газ беру уақытша, жұмыс аяғының соңына дейін тоқтатылады.