Оралда 11 сауда орталығы Ashyq жобасынан шығарылады

Оралда ғимаратқа кіру тәртібін бұзған 11 сауда нысаны ашық жобасынан шығарылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ондай нысандар санитарлық дәрігердің қаулысына сай жұмыс істейді. Яғни, сенбі жексенбі күндері қызметін тоқтатады. Жұмыс күндері тек кешкі 17:00-ге дейін істейді. Соңғы аптада аурушаңдық көрсеткіші 11%-ке төмендеген. Облыс қазір «сары аймақта» тұр. Індетке шалдыққандардың тек 4%-і вакцина алмағандар.

Айта кету керек, жаңа оқу жылы басталғалы 205 оқушы коронавирус жұқтырып, 46 мектептегі 80 сынып карантинге жабылды. Олар 2 апта бойы онлайн оқиды. Мысалы, қаладағы №45 мектепте 5 бірдей сынып жабылыпты.

Ләззат Сағынғалиева, №45 мектеп директоры:

- Бір жанұядан 5 бала оқиды. Сол 5 бала ауырып қалғандықтан бес сыныпты карантинге жібердік. Ол 3-4-5-7 және мектепалды даярлық сыныптарынан 125 оқушы бәрі де қашықтан оқып жатыр. Онлайн мектеп платформасы арқылы.

Сондай-ақ...