Қазақстанда жарты жылда 105 жасөспірім суицид жасаған

Соңғы жарты жылда 105 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Оған қоса 200-ге жуық суицид әрекеті тіркеліп отыр. Бүгін Мәжілісте осындай жантүршігерлік сатистика жарияланды, деп хабарлады Елорда Инфо.

Әсіресе Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағдай күрделі. Осыған байланысты орта білім ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын реттеу ұсынылды. Бұған қоса, тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды есепке қою мерзімін 6 айдан 3 айға қысқарту қажет екен.

«Бұл түзетулер 3 миллионнан астам оқушының жағдайы мен өмірін жақсартуға бағытталған», – деді құжатты таныстырған депутат Динара Зәкиева.

Ал Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, буллинг пен кибербуллинг қоғамда қатты алаңдаушылық тудырып отыр. Балаларды осы қауіптен қорғайтын нақты нормалар қажет.