Маңғыстау облысында ақшаны заңсыз қолма-қол айналдырғандар сотталды

Маңғыстау облысында жалған шот-фактура жазып, ақшаны заңсыз қолма-қол айналдырған кәсіпкерлер сотталды.

Олар мемлекетке 760 млн теңгеден астам шығын келтірді.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, осындай екі дерек тіркелген. Жаңаөзендік кәсіпкер өзі құрған 2 мекеме арқылы 7 компанияға 3,1 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген. Ол Қылмыстық Кодекстің 216-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал ақтаулық қос кәсіпкер компания құрып, ешқандай қызмет көрсетпестен 1,5 миллиард теңгені заңсыз айналдырған. Олардың үстінен де қылмыстық іс қозғалып, бірі 3 жылға, екіншісі 3 жыл 6 ай мерзімге сотталды.