Ираннан елімізге 53 қандас оралды

Бүгін Ақтау халықаралық әуежайына Иран Ислам Республикасынан 53 қандасымыз мінген ұшақ келіп қонды. Олардың 25-і бала. 

Горган қаласынан қоныс аударған қандастарымыз Ақтауда 2-3 күн жатақханада тұрады. Құжаттарды реттеу аяқталған соң Нұр-Сұлтанға барады. Одан әрі Солтүстік Қазақстан облысына жіберіледі. 20 отбасының атамекенге оралуы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Ирандағы елшілігі, аймақ әкімдіктері және «Отандастар қоры» коммерциялық емес ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды.

Хадиша Адай, қандас:

- Өте қуаныштымыз. Жұмыс бабынан да, үй жағынан да қамтып, бізді осындай дәрежеге жеткізгеніне көп ризашылығымызды білдіреміз. Өзім негізінде Түрікменде туғанмын. Бірақ жұмыс бабы бойынша Шомали деген облысының Бозжұрт қаласында болғанмын, 22 жыл.