Атырауда газ құбыры жөнделіп, үйлерге көгілдір отын берілді

Атыраудағы газ құбырында апат болып, тұрғындар көгілдір отынсыз қалған еді. Оқыс оқиға таңғы 8 шамасында Атырау-Орал тас жолының бесінші шақырымында болды. 

Мамандар Жайықтың оң жағалауында орналасқан тұрғындарға көгілдір отын беруді дереу тоқтатқаны туралы айтқан едік. Жаңа ғана белгілі болғандай, күні бойы 12 адам мен 6 техника апат орнында жұмыс істеп, құбыр жөнделген. Қазір үйлерге газ берілді.