Қорғаныс министрлігі Алматы облысында қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсетеді

2021 жыл 14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты.

Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұрын ол 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.