Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егіс алқабының 85,7% жиналды – ҚР АШМ

Елімізде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 81.3 проценті жиналды, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,6 млн гектар жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Бұл жалпы жинау алаңының 85,7%-ын құрайды.

Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерден айналып, 12,5 млн тонна астық түсті.

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10,3 млн гектар (89%) егіс алқабы орылып, 8,6 млн тонна астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 8,4 центнерден айналды

 

Сондай-ақ...