Қостанайда жалған хабарлама көпшіліктің үрейін ұшырды

Әлеуметтік желіде әлдекім облыс орталығындағы мектептердің бірінде жасырын түрде екпе салынып жатыр деген хабарлама таратқан.

Онда «мантуға» егілген 13 оқушының біреуі өліп, үшеуі жансақтау бөліміне жөнелтілді делінген. Қазір полиция кінәліні анықтау үшін кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын қолға алды.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы