478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Петропавлда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді

  • 176
  • UPD: 11:58, 16.09.2021
Петропавлда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті.

«Оған қатысы бар адамдар тұрғын үй пәтерінде жалған құжаттар (026/у нысанына сәйкес диагноз бен емделу мерзімін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тестілер) жасайтын жасырын цех ашқаны анықталды, оларды коронавирус пандемиясына байланысты карантиндік шектеулер қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына ақшалай сыйақы үшін ұсынған», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Жүргізілген тінтулер барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды.

Осы факт жөнінде ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі – адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы