Алматы халықаралық әуежайының президенті ауысты

Алп Ер Тунга Ерсой «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ президенті болып сайланды, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) мәлім етті.

«Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 14 қыркүйегіндегі шешімімен атқарушы органынның құрамына

өзгертулер енгізілгені туралы Биржаға хабарлады:

Эркал Кадри Мете – президент, шығарылды; Алп Ер Тунга Ерсой –  президент, тағайындалды» делінген ресми хабарламада.