Павлодарлық орманшы жапалақтың балапанын құтқарып қалды

Павлодарлық орманшы жапалақтың балапанын құтқарды.

Марат Бағжанов жабайы құстың балапанын  қарға мен сауысқандардан арашалап алыпты. Оның бір қанаты мен екі аяғын шөп шабатын техника кесіп кеткен екен. Шамамен үш айлық балапанның қанаты қатайып келеді. Бірақ табиғатта өздігінен өмір сүре алмайды дейді орманшылар. Сондықтан жуық арада  шағын зообаққа орналастыруды жоспарлап отыр.

Марат Бағжанов, орманшы:

– Жаралы құсты аяп үйге алып келдім. Жұбайым оны емдеп жазып алды. Қазір ұшады, тамақты да жақсы жейді. Негізгі қорегі – ет. Ешкімнен қорықпайды. Осындай әдемі болып өсіп жатыр.