426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда 23 сынып карантинге жабылды

  • 120
  • UPD: 15:49, 16.09.2021
Атырауда 23 сынып карантинге жабылды

Оқу жылы басталғалы Атырау облысында 200-ге жуық бала қауіпті індетке шалдыққан.

Мамандар 170-ке жуық баланың науқастармен жақын қарым-қатынаста болуы салдарынан ауру жұқтырғанын айтады. Ал мектепте жүріп ауырған 23 бала қазір оқудан уақытша шеттетілген. 23 сынып карантинге жабылды. Айта кетейік, соңғы тәулікте мұнайлы өңірде 96 адамның ауру жұқтырғаны анықталған. Қауіпті індетке шалдыққан 52 науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Айсұлу Досқалиева, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

– 23 сынып бүгінгі күні облыста жабылды карантинге. Сыныптағы оқушылар 14 күнге үйлеріне оқшауланды. Бүгінде оқшауланған балалар арасында аурушаңдық тіркелген жоқ. Ал тамыз айында облыста мектеп оқушылары арасында 1062 жағдай тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы