Урбан Руснак: Қазақстан энергетикасын әртараптандыра алады

Қазақстанның елдегі энергетика саласын әртараптандыруға қажетті барлық технологиялық мүмкіндіктері мен табиғи қорлары бар. Бұл туралы арнамызға сұхбат берген Халықаралық энергетикалық хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак мәлімдеді.

Қазақстан атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаса, бұл болашақта энергетиканы дамытудың бір жолына айналатанын айтқан. Дәстүрлі қуат көздерін пайдаланумен қатар жасыл сутегін де қолдана алады. Белді халықаралық ұйымның басшысы қазақстан Энергохартияны құруға атсалысқан мемлекеттердің бірі болғанын еске салды. Еуропалық Энергохартия тәуелсіздікке жаңа ие болған еліміздің 1991-жылы қол қойған алғашқы халықаралық құжаттардың бірі болған.

Урбан Руснак, Халықаралық энергетикалық хартияның бас хатшысы:

– Қазақстан – Энергохартия құрылтайшыларының бірі. Ұйымымыздың негізін қалаған осы Келісімді 2017 жылдан бері жаңғыртып келеміз. Қазақстан бұл іс-шараға белсенді қатысып жатыр. Елдеріңіздің бейбіт атомды дамытуда бірегей тәжірибесі мен табиғи қорлары бар. Бүгінде Қазақстан теңіз суын тұшыландыруда атомды қолданып келеді. Әрине жаңа атом электр станцияларын салатын болса, Қазақстан ең озық технологияларды қолданып, МАГАТЭ алдында алған міндеттемелерін орындауы қажет. Бейбіт атомды дамытуда ең алдымен қауіпсізідік деген жалғыз ұран бар. Қазақстанның осы міндетті орындауға технология жағынан барлық мүмкіндіктері бар деп санаймын.