«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы үш жарым жылға сотталды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріповті ақтау туралы сот шешімі күшін жойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апелляциялық сотта оны қызметтік құзыретін асыра пайдаланды және қаруды заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды. Осылайша, 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызметте істеуіне шек қойылды.

Айта кетейік, осыған дейін 4 тамыз күні Берік Шәріп Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық екінші сотының шешімімен ақталып шыққан еді.